Асанәлі Әшімов 15 жастағы ұлына пәтер сыйлады

0
Қазақ киносының абызы Асанәлі Әшімов пен жұбайы Бағдат Әшімова кіші Асанәлінің 15 жасқа толуына орай пәтер сыйлады, деп хабарлайды Kznews.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы актердің келіншегі өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.

“Туған күнің құтты болсын. Үлкен ер-азамат болып жатырсың. Жарқын күндерің көп болсын. Әкеңнің алдыға қойған арманын орындап, достарыңның арасында жарқырап жүре бер. Сенің бір жасыңда осы үйге кіргенбіз, міне, бүгін 15 жасқа толдың. Туған күніңе пәтер сыйлап жатырмыз. Достарыңның алды бол. Жақсы маман иесі бол. Балалықты тастап, бозбалалыққа өтетін кезің. Өмірден өз орныңды таба ғой”, – деп ақжарма тілегін арнады Бағдат Әшімова.

Желі қолданушылары да кіші Асанәліге тілектес екендерін жеткізді.

“Асанәлі ағамыздың ұлы, асылдың сынығы ғой. Денсаулығы мықты болсын, өмір жасы ұзақ болсын”, “Кішкентай Асекеңнің туған күні құтты болсын! Әкесінің мұрагері ғой ,сол кісінің еңбегін ақтасын!”, “Саналы ұрпақ, ұлтжанды, жүрегі “қазақ” деп соғып тұратын азамат болсын. Әкесінің абыройын алып жүретін азамат болсын”, “Елдің азаматы болсын!”, – деп жазды желідегілер.

Олардың арасында жасөспірім балаға пәтер сыйға тартан ата-ананы түсінбегендер де табылды.

“15 түгілі 55 жасқа келсе де үйсіз жүргендер бар”, “15 жастағы балаға пәтердің не қажеті бар, әлі оқушы емес пе?”, “Пәтер не үшін? Жалғыз бала бөлек шыға ма?”, – деп сөкті желі қолданушылары.