Асан Пердешовтың кәмелеттік жасқа толмаған қызға үйленгені рас па? — Қазақстан жаңалықтары

0

Бір кездері жарқ етіп жоқ болған Асан Пердешов қазір қайда жүр? Соңғы уақытта кәмілеттік жасқа толмаған қызға үйленіпті деген ақпарат ел аузында тараған еді. Осы  сұрақтың бәріне Пердешовтің өзі «Ниет» бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Асан пердешов

Әлеуметтік желілерде кәмілеттік жасқа толмаған қызға үйленіпті деген сөз тарады, рас па деп сұраған жүргізуші сұрағына: 

«Бұл мәселеге байланысты өз инста-парақшамда жауап берген едім. Біреу «сегізінші сыныптың оқушысын өзіне жар қылды» деп жазыпты. Сосын үшінші сыныптың қызын алды деп жаза салмадыңдар ма деп жаздым. Қайтем енді келіншегім жас көрінсе, менің кінәм емес», — деген әнші жұрт ойлағандай 16 -15 тегі қыз емес, 2000 жылғы бойжеткен екенін айтты.

«Келіншегім 2000 жылғы. Менен жасы кішкентай. Мен одан үлкенмін. Арамыз ұзақтау, дегенмен өзі жақсы көріп тұрған соң болатын шығар деп ойлаймын. Кәмілет жасқа толған қыз. Аллаға шүкір жақсы отбасымыз», — деді Асан Пердешов. 

 

stan.kz