Ас тұзының жаңа қаупі анықталды
Қысқа сілтеме алу
Созылмалы аллергиялық ауруға шалдықан пациенттердің терісінде натрий деңгейі нормадан 30 есе жоғары болып шықты
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Мюнхен (Германия) техникалық университетінің ғалымдары адам ағзасында ас тұзының жиналып қалуы аллергияның дамуына әкеп соғатынын анықтады. Бұл туралы MedicalXpress хабарлайды.
Мамандар атопиялық дерматит – созылмалы аллергиялық ауруға шалдықан пациенттердің тері үлгілерін зерттеген. Нәтижесінде зақымдалған тері бөлігінде натрий деңгейі нормадан 30 есе жоғары екені анықталды.
Зерттеушілердің мәліметінше, натрий хлоридінің әсерінен Th2-жасушалар интерлейкин-4 (IL-4) пен интерлейкин-13 (IL-13) ақуыздарын көбірек бөледі. Осының салдарынан, тері аурулары, оның ішінде атопиялық дерматит асқынады.
Зерттеу қорытындысы ағзада тұз жиналып қалған кезде, Т-жасушалар Th2-ге айнала бастайтынын көрсетті. Ал бұл ақабыну реакциясын қоздыратын антидене мен цитокиндерді көп мөлшерде өндіре бастайды екен.
sputniknews.kz