Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

0

Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны туралы ақапарат шықты. Оны журналист журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналында хабарлады. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан емделіп шығып, үйіне барған кезде оны Антикордың қызметкерлері алып кеткен.

«Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен түнді астанадағы уақытша тергеу изоляторында өткізді. Ол бейсенбіде ауруханадан шықты. Үйіне жетіп үлгерген бетте оны Антикордың қызметкерлері алып кеткен», — деп жазды Козачков.

Тергеушілер экс-министрге 146 млн теңгені жымқырды деген айып тағып отыр.  Ол халықаралық көрмелерге бөлінген қаржат болатын.