«Арыстан Патша»(«Король лев») бүгіннен бастап прокатқа шығады
«Арыстан Патша»(«Король лев») – ең көптен күткен Disney ремейкі 2019 жылдың 18 шілдесінде республикалық прокатқа шығады.
Фильм «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасының аясында дубляждалған. Дубляж демеушісі BI Group компаниясы. Жоба «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Синопсис:
Махаббат пен достық, адалдық пен билік үшін күрескен Африкалық Саваннаның мекен етушілері туралы Disney-дің анимациялық кинотуындысы. Аңдардың патшасы Муфасаның мұрагері Симба дүниеге келеді. Фильм мұрагердің тынымсыз еркеден бақытсызға жанға дейінгі, бейқам кезбеден құтқарушы мен барлық аңдардың әміршісіне дейінгі бұралаңға толы өмір жолын баяндайды.
Қызықты деректер:
— Танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева қазақ тіліндегі фильмнің басты саундтрегін орындады;
— Әнші Бейонсе орындаған арыстан Наланың «Алға» әнін «X-Factor» тележобасының жеңімпазы Дария Габдулл шырқады;
— Маймыл Рафикидің рөлін сомдаған Қазақстандық актер «суахили» тілінде сөйледі;
— Фильмнің кастингіне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 50-ден астам актер қатысты;
— «Симба» арыстан, «Сараби» — сағым, «Рафики» — дос, «Пумба» — аңқау, «Шензи» — дөрекі дегенді білдіреді;
— Муфаса — ағылшындардың отарлауының алдында Кенияны мекендеген халықтың соңғы патшасының есімі.
Қазақстандық премьера:
2019 ж.18 шілдеде;
Шығарушы: Walt Disney Pictures студиясы
Режиссёр: Джон Фавро
Продюсерлер: Джон Фавро, Карен Джонсон, Джеффри Сильвер
Композитор: Ханс Циммер
Фильмнің ұраны: «Патша оралды»
Дубляж туралы ақпарат:
«Болашақ»корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасының аясында дубляждалған;
Дубляждау студиясы: «Aray Media Group»;
Қазақша дубляждың режиссері: Шах-Мұрат Ордабаев
Дыбыс режиссері: Диас Лес Тегі, Абылай Энгельсов
Аудармашы: Әсел Мамырова
Мәтіндерді салушы: Сауртаева Гүлжан
Редактор: Еркебұлан Әбдірахманов
Музыкалық жетекші: Анель Токирова
Қазақ тіліне дубляждалған 31-ші фильм;
Дубляждың демеушісі: BI Group
Рөлдерді дубляждаған: Бекболат Құрманғожаев (Mufasa), Бекнұр Ыбырай (Young Simba), Олжас Жақыпбек (Simba), Алтынай Нөгербек (Sarabi), Динар Қалдыбек (Young Nala), Наурыз Сабағатова (Nala), Сая Тоқманғалиева (Shenzi), Болат Ыбыраев (Rafiki), Жәнібек Мұсаев (Pumbaa), Дәурен Серғазин (Timon).
Жоба туралы:
«Өзіңнен баста» — голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға бағытталған жоба. «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Әлеуметтік және коммерциялық мақсаттарды көздемейді.
«Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне Голливудтың 31 кинотуындысы дубляждалды, олардың ішінде: «Тачки-2»/»Көліктер 2», «Мстители-2: Эра Альтрона»/ «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Храбрая сердцем»/ «Батыл жүрек», «Тайна Коко»/ «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин», «История игрушек-4»/ «Ойыншықтар хикаясы-4» және басқалары. Барлығы: «Walt Disney Pictures»/ «Pixar» студияларының 15 анимациялық фильмдері және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының отбасымен көруге арналған 16 фильмі бар. Жобаның арқасында 100-ден астам отандық актер «Walt Disney Pictures» дауыстар базасына енгізілген. Қазақ тілі түрік тілінен кейінгі дубляждалатын екінші түркі тілі, «Walt Disney» компаниясының тарихындағы 39-шы және «Sony Pictures» үшін — 7-ші тіл болды. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-де көруге арналған голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдеріне енді.
«Өзіңнен баста» жобасының онлайн-серіктесі — Ресей мен ТМД-дағы ең ірі ivi онлайнкинотеатры. Ондағы арнайы бөлімде қазақ тілінде дубляждалған алдыңғы голливудтық туындыларды көруге болады!
«Болашақ» корпоративтік қоры — коммерциялық емес ұйым, қайырымдылық және ерікті қызметті қалыптастыруға ықпал етеді. Қордың қолданыстағы жобалары: «Әрбір бала мектепке лайық», «Өзіңнен баста», «Қысқы Қайырымдылық балы», «Жол жүру гранттары» — сапалы білім алуға, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді, сондай-ақ әлемдік киноөндірушілердің қазақ тіліндегі контентіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Өзіңнен баста» жобасының идеялық шабыттандырушысы «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Қадырғалиұлы Бәйбек.