Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапқаны хабарланды
Арыс қаласындағы жарылыстан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Түркістан облысында өткен брифингіде Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. Әкімнің сөзінше, көлігіне снаряд түскен тұрғын көп жұмған.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қаза тапқан тұрғынның жақындарына көңіл айтты. Түркістан облыстық әкімдігінің есебінше, жарылыстан зардап шеккен 31 адам ауруханаға жеткізілген.
Қорғаныс министрі Ермекбаев жарылыстан әлі жалғасып жатқанын, қауіп сейілмегенін хабарлады.
«Радиациялық снарядтар болмады. Радиация қауіпі жоқ» деді министр.
Жаңалық толықтырылады