Арыстағы жарылыстың залалын бұрынғы әскери қызметкерлер төлейді
Бұрынғы әскери қызметкерлер Арыс қаласында оқ дәрілерді жарып жібергені үшін 96 млрд теңгеден астам ақша төлейді.
Қорғаныс министрлігі өрт қауіпсіздігі, оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жарату, техникалық бақылау үшін жауапты болған 16 бұрынғы әскери қызметшіге мемлекет кірісіне 97 млрд теңгеден астам залалды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
2019 жылғы 24 маусымда болған жарылыспен мемлекетке ҚР ҚК балансындағы ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылымды бұзу, оқ-дәрілерді жою түрінде мүліктік залал келтірілді.
Сот сараптамасы залалдың жалпы сомасы 96 373 286 573, 37 теңгені құрайтынын анықтады.
Сот Қорғаныс министрлігінің талабын қанағаттандырды. Оның 2022 жылғы 19 қазандағы шешімімен бұрынғы әскери қызметшілер мемлекетке барлық залалды төлеуі керек.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
http://t.me/orda_kz
Фото: inbusiness.kz