Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Қала тұрғындарын орналастыру үшін Шымкентте 15 бекет ашылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Арыстағы әскери бөлім қоймасында болған жойқын жарылыстан соң тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның оңтүстігіндегі қалада дүйсенбі күні 09.20-да бірнеше жарылыс болған.

Жарылыстан кейінгі шараларды төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан облысы мен Шымкент әкімдіктері жүргізіп жатыр. Өңірдің төтенше жағдайлар баспасөз қызметі хабарлағандай, Шымкентте 15 құтқару бекеті ашылған, адамдар шұғыл түрде сонда жеткізіледі.

Тұрғындардың алғашқы легін алып кету үшін 40 автобус аттанды. Арыс халқының саны — шамамен 43 мың адам.

Тұрғындарды эвакуациялау туралы мәліметті 8 (7252) 44-34-72 нөмірі арқылы білуге болады.



sputniknews.kz