Арыс қаласындағы азық-түлік үшін төбелес жайлы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
Полиция Арыс қаласындағы азық-түлік үшін төбелес жайлы жалған ақпарат таратқан адамды ұстаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме беріп.
Түркістан полициясы жалған ақпарат таратқан адамды ұстады.
2020 жылдың 13 наурызында әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жергілікті тұрғындар Арыста азық-түлік үшін төбелесіп жатқаны және дүкендер 20 күнге жабылатыны жайында видео таралды. Бұл факті Арыс ӨЖ-де тіркелді. Түркістан облысының полициясы жалған ақпараттың авторы мен таратушысын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс АІІБ-ның полиция қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтады, ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай ол, 13 наурызда Арыс қаласына іссапармен келген.
Өз кезегінде Шымкент қаласының тұрғыны видео арқылы Арыс қаласының тұрғындары мен Қазақстан азаматтарынан кешірім сұрады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің барлық мән-жайлары анықталуда.
stan.kz