Арықтаймын деп 25 жыл ұстаздық қызмет еткен әйел ажал құшты

0

Тележурналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында арықтаймын деп ажал құшқан бір әйелдің оқиғасымен бөлісті. 

“Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Артында 2 баласы, жары қалды.

25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм “Ұлағатты ұстаз” деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған.

Пластикалық хирургтер липосакциядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр”, — деп жазды ол.

Фото: Гүлмира Абықайдың парақшасынан алынған