Аружан Саин мен Арман Шураев Ұлттық сенім кеңесі құрамынан шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің құрамы ротацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ротация аясында Эльвира Азимова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шураев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Амиртаев Ұлттық кеңестен шығарылды.

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі қоғам мен сарапшылар қауымдастығының жаңа мүшелерін қамтиды.

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі 2019 жылдың 12 маусымында құрылды. Бірінші отырыс 2019 жылдың 6 қыркүйегінде өтті. Ұлттық кеңестің құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар және жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді.

Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің үшінші отырысы 2020 жылдың сәуір айында өтеді.

 

stan.kz