Артық салмақтан тез арылу үшін қандай жаттығу жасау керек

0
87
Advertisement

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Сарапшылар әртүрлі жаттығулардың тиімділігін өзара салыстырып көрді

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Ғалымдар артық салмақтан арылуда баяу әрі ұзақ жаттыққаннан гөрі, арасында үзіліс жасай отырып, қарқынды дене шынықтырумен айналысудың тиімді екенін анықтады.

Бразилия мен Ұлыбритания ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Healthline.

Сарапшылар зерттегендей, қысқа уақытта белсенді жаттығып, арасында үзіліс жасап отыру терінің астындағы майды тез кетіреді. Мұндай жаттығу түріне жүгіру, отырып-секіру, жатып-тұру және тағы басқа іс-қимылдар жатады екен.

Ғалымдардың пікірінше, салмақтан арылуда адамның жаттығу кезінде қанша калория жұмсайтыны ғана емес, белсенді жаттығудан кейін ағзада қандай процестер болатыны да маңызды.

Ғалымдар тобы қырықтан астам зерттеу нәтижелерін саралап, арасында үзіліс жасап жаттығу мен ақырын жүгіру, велосипед тебу немесе белгілі бір қарқынмен жүру сияқты ұзаққа созылатын, бірақ көп күш жұмсалмайтын дене шынықтыру әдістерін өзара салыстырып қараған.

Жалпы айтқанда, сарапшылар белгілі бір спорт түрімен бір айдан төрт айға дейін айналысқан мыңнан астам адамның көрсеткіштеріне зерттеу жүргізеді.

Сонымен, ғалымдар анықтағандай, үзіліспен жаттығу жасау арқылы адам айына 1,58 килограмм салмақ тастаса, ал ұзақ әрі баяу жасалатын жаттығулар арқылы 1,13 килограмға арықтайды екен.

Оның себебі қысқа, бірақ қарқыныды жаттығу кезінде адамның бұлшық еттеріне оттегі жетіспей, олар энергияны тері астындағы артық майдан ала бастайды. Бұдан бөлек, осындай жаттығудан кейін оттегі жетіспеушілігнің орнын толтыру үшін ағза тағы бірнеше сағат бойы көп калория жұмсайтын болады.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз