Артық қыламыз деп тыртық қылып жатырмыз

0

Премьер-министр өнімдерді аккредиттеу функциясын мемлекет бақылауына қайтару қажет екенін айтты.

«Азық-түлік тауарлары емес, басқа өнеркәсіптік азық-түлік емес тауарлардың бәріне құжаттарды сертификаттауды қарау мемлекеттік функциясы жеке аккредиттеу субъектілеріне берілген. Өкінішке қарай, қазір кәсіпкерлер кодексінде субъектілерді аккредиттеу, яғни СУР (тәуекелдерді басқару жүйесі- авт.) қаралмаған. Бұл субъектілердің қызметіне қарасақ, егер олар мемлекет жағынан қатаң қаралмаса ертең мұның бәрі отандық кәсіпкерлердің қызметіне де, тұтынушыға да кесір әкелетіні мәлім», — деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов. Бұл туралы baq.kz хабарлапды.

Оның айтуынша, 2018 жылы Ираннан, Германиядан, Ресейден, Польшадан импортталған цементке берілген 224 сертификаттың 199-ы, яғни 89% заңды бұзушылықпен берілген.

«Бұл мәселе белгілі және аккредиттеу субъектілерінің заңды жолмен жұмыс істемеуіне әкеліп отыр. Сондықтан осы саладағы аккредиттеуге мемлекеттік қадағалауды күшейтіп, яғни профилактикалық емес нағыз СУР арқылы талап қою, керек болса оларға сертификат аккредиттеуін алып тастау қатаң жазасын қолдануды ұсынып отырмыз», — деді ол.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қоғамдық ұйымдар тарапынан бақылау жүрмейтін болса, мемлекет тарапынан бақылау алынып тасталса үкімет пен «Атамекен» ҰКП қайтадан бірлесе отырып осы берілген қызметтерді кепіл түрлерін мемлекет бақылауына қайтару қажет екенін айтты.

«Қазақша айтқанда біраз нәрсе бойынша артық қыламын деп тыртық қылып жатырмыз. Осы мәселеге қарауымыз керек. Кейбір нәрселерде СУР-дың өзі жұмыс істемейді. Өйткені адами фактор бәрібір болады. Ерболат Асқарбекұлы, осы мәселеге «Атамекенмен» бірлесе қарап шығуды сұраймын», — деді Үкімет басшысы.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/