Home Жаңалықтар Аршавин питерлік «Зенитке» қайта оралды

Аршавин питерлік «Зенитке» қайта оралды

0
62

Алматылық «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Зенит» командасына қайта оралды.

Питерлік клуб пен Аршавин екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Ол енді 1 қаңтардан бастап «Сириус» жобасының жетекшісі қызметіне кіріспек. Аталған жобаның басты міндеті – «Зенит» академиясында тәрбиеленетін балалардың мәдени деңгейін арттыру.

Еске салсақ, Аршавин «Қайрат» сапында үш маусым ойнап, алматылық клубтың ғана емес, ҚПЛ-дың да үздік ойыншыларының біріне айналған болатын.

Аршавиннің өзі – осы санкт-петербургтік клубтың тәрбиеленушісі. Ол кәсіби мансабының көп бөлігін «Зенит» сапында өткізді. Жалпы саны «Зенит» қатарында 283 матчқа қатысып, 57 гол соғыпты. Ресей құрамасымен бірге 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, одан кейін іле-шала лондондық «Арсеналға» ауысып кетті.

Абай Аймағамбет

Дереккөз: Айқын