«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты тағы бір шахтада өрт шықты
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты тағы бір шахтада өрт шықты. Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында болған өртке байланысты жұмысшылар эвакуацияланды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 тамыз күні сағат 01:55-те болған.
«Тез арада апатты жою жоспары енгізілді. Өрт ТЖҚБ бөлімшесінің күшімен жойылды. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда», — деді компания өкілдері.
Ал әлеуметтік желілерде тұрғындар түнде шахтадан сиренаның дауысы мен гуілі естілгенін жазып жатыр.
Еске салсақ, 17 тамызда» АрселорМиттал Теміртау «АҚ “Қазақстан» шахтасында өрт болды. Өрт кезінде шахтада болған 227 жұмысшының 222-сі жер бетіне тірі шығарылды. Бес адам жер астында қалып, қаза тапты.
фото: sputnik.kz