«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды

0

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 6 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған», — делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.