«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде газ шығып, 4 адам қаза тапты

0

Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды», — деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, 106 жұмысшы эвакуацияланған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады», — деп толықтырды ТЖМ өкілі.