«Әрқашан сізге адал болдық» Шахтерлер Назарбаевқа хат жазды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазақстандық кеншілер елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін әрдайым Елбасының артынан ере беретінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына кеншілерден ұжымдық хат келді, деп хабарлайды elbasy.kz.

Хатта кеншілер Елбасыға кәсіби мерекемен құттықтағаны және тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдірген.

«Қазақстанның барлық кеншісі халықтың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі бастамаларыңызды толық қолдайды. Біз, еңбек адамдары, әрқашан көшбасшымыз – сіз үшін және Отанымыз – Қазақстан үшін қорған боламыз», — делінген хатта.

Шахтерлер тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктерді бағалайтынын жазған. Олар Қазақстанда барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Жолдарымыз жақсы, жастарға тұрғын үй салынуда, балаларымыз еліміздің және дүниежүзінің ең жақсы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие, медицина дамып келеді. Ең бастысы, адамдарға жұмыс істеуге және табыс табуға мүмкіндік мол.

Қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, біз әрқашанда сізге және елімізге адал болдық. Дәл сіздің, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстанды ғаламат биіктерге жетелейтініңізге кәміл сендік. Бүгін сіздің өлшеусіз еңбегіңізге шексіз ризамыз», — деп лебізін білдірді шахтерлер.

Қазақстандық кеншілер елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін әрдайым Елбасының артынан ере беретінін жазған.



sputniknews.kz