Арқалықта колледж директоры сотталды

0
81

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/456/38/4563886.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200113/12525210/Arkalyk-kolledzh-direktor.html

Бюджет қаржысын жымқырған жемқор басшыға қатаң жаза қолданылды, дейді агенттіктің баспасөз қызметі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Арқалық политехникалық колледжінің директоры бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан шетелде 30-дан астам жемқорды іздеп жатыр

«Биылғы жылы 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 миллион 864 мың 950 теңге сомасында айыппұлға жазаланды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды», – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.



sputniknews.kz