Арон Атабектің қызы әкесінің ақталуын талап ететін петиция жариялады

0
42

Алма Нутушева әкесін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танып, қайтыс болғаннан кейін ақталуын талап етіп петиция жариялайды, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еgov порталында петиция 8 мамыр күні кешке жарияланды. Ақын әрі диссидент Арон Атабектің қызы Алма Нутушева өз үндеуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа  жолдады.

 «2006 жылы әкем, ақын, түркітанушы, диссидент Арон Атабек Нутушев (Едігеев) Шаңырақ оқиғасы бойынша жазықсыз сотталып, 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның кінәсі туралы ешқандай дәлел жоқ. Айыптау негізінен куәгерлердің «айғақтарына» негізделген (…) 2021 жылдың қазан айында Атабек денсаулығына байланысты босатылды. Ұзақ 15 жыл адам төзгісіз жағдайда, жазалау камерасында, азаптаудан кейін денсаулығынан айрылып, толықтай дерлік қозғалмай қалды, бойы  183 см бола тұра , салмағы 50 кг-нан аз болды! Бұл аштықтан болған дистрофия. Толық дерлік бұлшықет атрофиясы. Азаптаудан кейін көптеген сынықтар салдарынан қол-аяғы қозғалмады. Арон Атабек түрмеде алған жұлын аурулары және басқа да көптеген қорқынышты диагноздар қойылды»  деп жазады Алма Нутушева өз үндеуінде.

Ол президентке үндеуінде Арон Атабекті қайтыс болғаннан кейін ақтауды, сондай-ақ,  Шаңырақ оқиғасы бойынша істі қарауға қайтаруды талап етеді.
Бір сағаттың ішінде петицияға 70-тен астам адам қол қойды.

(Фото: Ulysmedia.kz сайтынан алынды)