Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасалды — видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

17 0 0

Голливуд жұлдызы фанаттарымен кездескен сәтте ту сыртынан шабуыл жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Оңтүстік Африка Республикасындағы Arnold Classic Africa шарасы кезінде белгісіз фанат Голливуд актері Арнольд Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті.

Шараға жиналған көрермендер оқиғаны кездейсоқ видеоға түсіріп алған.

Кадрларда актер телефонын ұстап, балаларды видеоға түсіріп, фанаттарымен сөйлесіп жүр. Кенет арт жағынан біреу жүгіріп келіп Шварценеггерді арқасынан қос аяқтап бір тепті. Күтпеген қатты соққыдан актер бір жаққа ығысып кетті. Ал шабуылшыны күзет бірден ұстап алған.

Оқиға салдарынан кино жұлдыз ешқандай зардап шекпеген екен. Бірнеше минуттан соң Арнольд өз орнына қайта оралып, көрермендермен әңгімесін жалғастырды.

«Arnold Classic Africa ұйымдастырушысы Уэйн Прайстың айтуынша, бұл оқиға алдын ала жоспарланған, себебі шабуылдаушы бұрын да осындай әрекеттерімен құқық қорғаушылардың назарына іліккен», — делінген Arnold Classic Africa хабарламасында.

Ал Шварценеггер өзін тепкен жігітке ешқандай айып тақпайды, себебі келеңсіз жайт бір түсінбестіктен болды деп санайды.



sputniknews.kz