«Арнайы қонақ»: Әлия Назарбаева танымал нумерологтың туған күнінде бой көрсетті

0

Мәскеуде белгілі қазақстандық нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күні дүркіреп өтті, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Мерекелік шараға еліміздің және Ресейдің танымал тұлғалары жиналып, туған күн кешін тойлаған.

Шараға Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Әлия Назарбаева сондай-ақ, белгілі журналист Айгүл Мүкей қонақ болып барған.

Салтанатты шара Мәскеудің беделді «Ярь» мейрамханасында жабық форматта өткен.

«Мерекелік кешке көптеген әртістер, танымал тұлғалар жиналды. Әдемі кештің куәсі болдық», — деп жазды журналист Айгүл Мүкей.

Айта кетейік, Клара Күзденбаева – нумерология саласында танымал тұлға, оның есімі Қазақстанда да, Ресейде де белгілі.