Арнайы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қала әкімдігінің келісім берсе, арнайы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

женщина военная

Бұл туралы қарулы күштер бас штабы басшысының орынбасары Серік Бұрамбаев мәлімдеді. 

«Тапсырмалардың мақсатына байланысты әкімдік қызметкерлері әйелдерді әскери жиындарға шақырта алады. Ешқандай шектеулер жоқ. Егер арнайы жиындарға бойжеткендер қажет болса, әкімдік нұсқауымен отан алдындағы борышкер әйелдер де шақыртылады», — деді Бұрамбаев.  


Әскери жиын үш айға созылады — Қорғаныс министрі

Сондай-ақ ол арнайы әскери жиындарда әскери шен берілетінін алға тартты. 

«Кезекті әскери шен тағайындалады. Бірақ ол шараның соңына там жүзеге асырылады. Жергілікті әскери органдар өкілдері соңғы шешімге қол қояды», — деп қосты ол. 

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстарында әскери жиындардың бөлімшелері құрылған. 


Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

stan.kz