Армян көліктерін уақытша тіркеу басталды

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Автокөлік иелері үш түрлі төлем жасау керек: тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Маңғыстау полициясы 1 маусымнан бастап армян нөмірімен жүрген көліктерді уақытша тіркеуді бастады.

Армениядан тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автомобильдер ғана уақытша тіркеуден өте алады, деп хабарлайды Polisia.kz.   

Маңғыстау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының мамандары түсіндіргендей, автокөлік иелері үш түрлі төлем жасау керек. Бұл тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге (барлығы 11 946 теңге).

Сонымен, көлік құралдарын тіркеу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 0,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер;
  • көлік құралы және мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін тіркеу туралы армян куәлігі;
  • басқару құралы оңнан солға ауыстырылған жағдайда автомобильдің қауіпсіздік сертификаты (СБКТС).

Мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар аударылып, нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолымен куәландырылуы керек.

Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі Армениядан көлік сатып алғандардың қулығын әшкереледі 

B әрпі бар 18-аймақтың сары нөмірлері армян автомобильдеріне беріледі.

Құжатта уақытша тіркелген көлікке тіркеу куәлігін берген кезде, «Арнайы таңбалар» бөлімінде «бұл басқа адамға тіркеуге жатпайды» деп жазылады.   



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз