Арменияның СІМ өкілдері Қарағандыдағы төбелес жайлы: Тұрмыстық сипаттағы қылмыс — Ел жаңалықтары
Кеше, 7 қаңтарда Арменияның Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарянның Қарағандыда болған жағдайға қатысты айтқан пікірі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, 3 қаңтарда Қазақстандағы Армения елшілігінің өкілдері де осы оқиға бойынша мәлімдеме жасаған еді. «Адам өліміне әкеп соққан қайғылы жағдайға көңіл білдіреміз. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Осы оқиғаның мән-жайы анықталып, барлық кінәлі заңға сәйкес жазаланады.
Қазақстан — көп ұлтты мемлекет, мұнда ұлтаралық келісім мен этникалық топтарға толеранттык қарым-қатынас орнаған. Бұқаралық ақпарат өкілдері ресми деректерге ғана сүйеніп, әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер таратпайды сенеміз. (…)», — делінген мәлімдемеде.
Шаварш Кочарянның айтуынша, армян өкілдері жариялаған мәлімдемеде айтылғандардың барлығы әлі күнге дейін өзекті болып қала бермек.
«Бұдан бөлек, Армениядағылар басқа да мәлімдемелер жасап жатыр. Олар еліміздің ресми ұстанымын сақтамай отыр», — деп хабарлады Арменияның СІМ өкілдері.
«Арменияның Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы Армения елшілігінің өкілдері бастапқыдан-ақ Қазақстан билігіндегілерімен, осы мәселе бойынша шешім қабылдауға уәкілетті отандық құрылымдармен үнемі байланыста. Армения мен Қазақстанны4 ведомство өкілдері әлі күнге дейін байланыста.
Қарағандыдағы төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты
Екі тарап та бір позицияны ұстанады: тұрмыстық сипаттағы қылмыс және мұның ұлтаралық болмауы үшін оны барынша қатаң негізде жою керек. Қазақстандық тарап осы оқиғаны бақылап отыру үшін және мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық қажетті шара қолданылады деп сендірді. Шаралар қабылданып жатыр. Елшіліктегілер де қауымдық құрылымдарғылардың басшыларымен тәулік бойы байланыста», — деді Арменияның сыртқы істер министрінің орынбасары.
Қарағандыдағы төбелес: Ұлтараздықты қоздыру дерегі бойынша тергеу басталды
Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.
Осыған байланысты Қарағанды облысының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарында осы тектес жарияланымдарға жол берілмеуі тиістігін қайталап ескертеді және азаматтарды арандатушылыққа бой бермеуге шақырады.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz