Армениядағы парламент сайлауына халықтың 48,63 пайызы ғана қатысқан

0

2018 жылғы 10 желтоқсан 00:00 47

Армениядағы парламент сайлауына халықтың 48,63 пайызы ғана қатысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат — Арменияның орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына қанша халық қатысқаны жөнінде алдын ала мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды armenpress.am.

«Елде парламент сайлауына қатысуға құқылы 2 млн 592 мың 479 адам бар болса, содан 1 млн 260 мың 479 адам ғана сайлауға қатысқан. Бұл — жалпы сайлаушылардың 48,63 пайызы», — дейді ОСК басшысы Тигран Мукучян.

Арменияда халықтың парламент сайлауына қатысуына қатысты белгіленген меже жоқ, сондықтан қанша адам дауыс бергеніне қарамастан сайлау өтті деп саналады, деп атап өтті armenpress.am.