Армения Қазақстанда өндірілген оқ-дәріні сатты деген жанжал шықты

0
511
Advertisement

Армениялық Moston Engineering компаниясы қазақстандық оқ-дәріні Түркияға сатты деген күдікке ілінді – бұл туралы Telegram каналдары жазып жатыр

Арменияның қорғаныс министрлігі Түркияға оқ-дәрі сатылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

«Қару сату туралы қауесет тарату – бұл ашық бұрмалау және өтірік», – деп Sputnik Армения қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның сөзінен үзінді келтірді.

Осындай мәлімдемені Moston Engineering қару-жарақ сату компаниясының басшысы Давид Галстян да жасады.

«Компания шынымен де 2014 жылдың сәуірінде Қазақстаннан түрлі калибрлі 200 миллион оқ-дәрі сатып алды. Сатып алу процесі қазақстандық заңнамаға және халықаралық құқықтарға сәйкес өтті», – деді Галстян.

Оның айтуынша, сатып алу туралы түпнұсқа құжаттың негізінде оқ-дәрілер Түркияға жіберілгені туралы қисынсыз болжам жасалған.

«Оқ-дәрі бірнеше мемлекетке қайта сатылды, бірақ Түркияға сатылғаны туралы ақпарат – толық өтірік және бұрмалау», – деп атап өтті Галстян.

Ол 2018 жылы Moston компаниясының қазақстандық кеңсесіне түрік компаниясынан сұратым түскенін, бірақ қабылданбағанын жеткізді.

Галстян компания бағаны және жеткізілім сапасын анықтау үшін түрлі ұйымдарға сұратым жіберетінін жасырмады.

«Компанияның сұратым жіберуі мәміле жасалғанын білдірмейді», – деп түсіндірді Moston басшысы.

Ол сондай-ақ Қазақстаннан әкелінген басқа қарулар туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Ол жақтан ескі шығарылымның снарядтары 1 500 доллардан әкелінді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Соңғы он жылда Қазақстаннан жаңа шығарылымның бір түрі ғана сатып алынды. Қазақстаннан ешқандай снаряд әкелінген жоқ», – деп түйіндеді Галстян.

sputnik.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз