Армения премьер-министрінен коронавирус табылды

0
0
Advertisement

Никол Пашинянның ауруы жеңіл түрде өтіп жатыр, үкімет басшысы өз резиденциясында қашықтан жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.

Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Пашинянның айтуынша, онда коронавирустың айқын белгілері, соның ішінде жоғары температура жоқ. Алайда ол айналасындағыларға, әсіресе, егде жастағы адамдарға жұқтырғысы келмейді.

«Резиденцияда жұмыс істеймін. Бұл жерде барлық жағдай жасалған, байланыс құралдары бар. Қанша уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік болса, сонша істеймін. Біздің стратегиямыз өзгерген жоқ. Біз коронавирус инфекциясымен өмір сүріп үйренуіміз қажет», – деді Армения үкіметінің басшысы.

Sputnik Армения ақпаратынша, 16 наурыздан елде төтенше жағдай жарияланған, режим 13 маусымға дейін ұзартылды.

Тағы оқыңыз: Коронавирус жұқтырған бұрынғы вице-министр емделіп шықты

18 мамырдан бастап республикада қоғамдық көліктің жұмысы жанданды. Жолаушылар бетперде мен қолғап киюге міндеттелді.

Сауда орталықтары ашылды, бұған дейін ашық аспан астында істеген қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат етілді.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз