Армения мұнай құбырын бомбалауға тырысты

0

Армения әскерлері Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын зымыран соққысымен жарып жіберуге тырысты.

Мұндай мәлімдемені Әзірбайжанның Бас прокуратурасы жасады. «6 қазанда сағат 21:00 шамасында Армения қарулы күштері Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының Евлах облысы аумағынан өтетін бөлігіне зымырандық соққылар жасады», — деп хабарлады министрлік.

Зымырандардың бірі құбырдан 10 метр қашықтықта жарылды. Егер Армения мұнай құбырына зиян келтіргенде, әлемдік отын нарығы тәулігіне 1,2 миллион баррель мұнайсыз қалатын еді. Сірә, бұл мұнай бағасына әсер етуі мүмкін, одан, атап айтқанда, Ресей пайда көретін еді.

Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры Әзірбайжаннан (кейіннен Қазақстан) мұнайды Ресейден тәуелсіз әлемдік нарықтарға тасымалдау бағыты ретінде құрылғанын айта кеткен жөн.

Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания осы мұнай құбырына лоббизм мен инвестицияны жасады. Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін ол аймақтағы күштер теңгерімін Кремльдің пайдасына емес өзгертті.

Керімсал Жұбатқанов