Армения мен Әзірбайжан қақтығысы: Путин мен Пашинян сөйлесті

0
35

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Ресей Президентіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастық реакциясының маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, Армения достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелеріне жүгіну үшін Ресей Федерациясына ресми түрде жүгіну туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар елдің егеменді аумағына жасалған агрессияға байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үндеу жіберіледі.