«Арманымыз орындалды»: 3 баласынан айрылған қостанайлық отбасы жетімдер үйінен 33 бала асырап алған

0
134
Қостанай облысы Лисаковск қаласында отбасының 36 баласы бар. Оның 33-ін асырап алған. Дегенмен ерлі-зайыптылар балаларының барлығын туғанындай көретінін айтады, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі Костанайские новости басылымына сілтеме жасап. 

Рустам Шукуров пен Муззама Мансурова үнемі үлкен отбасы болуы армағандарын айтады. Өздері де көпбалалы отбасыда өскен. Алайда үш баласы ажал құшып, үш баласы ғана тірі қалған. Қазір ұлдары Юлдаш пен Шерзод ер жеткен, ал қыздары Шакира 16 жаста.

«Шакира кішкентай болғанда ойнайтын ешкім болмайтын, іші пысқанын айтатын. Сол кезде арманымызды орындап, жетімдер үйінен бала асырап алуды шештік. Бір-екі бала алғымыз келген. Келіп, танысқан соң бірден жеті баланы асырап алдық. Кейін тағы қосылды», – дейді Муззама.

Ал жұбайы Рустам немерелі болуды ансайтынын жасырмады.

«Өзіміз неліктен көп бала асырап алғанымызға сараптама жүргіздік. Бұрын өзіміздің дүкеніміз болды, бізді «Лисаковсктың жеміс патшалары» дейтін. Себебі 90-жылдары көтерме саудамен шұғылдандық. Сондықтан бір-екі баланы ала алмаймыз», – деді Рустам.

Тоңазытқыш алдын ала дайындалған тағамдарға толы. Отағасының сөзінше, олар тек табиғи өнімдерді тұтынады. Басым бөлігі өз бақтарында өсірілген.

Ерлі-зайыптылар күнделікті барлығына үлгеру қиын емес екенін қосып өтті. Анасы қыздарын бұл іске араластырмай, тамақты өзі дайындайды екен. Отбасы үлкен болғандықтан, тамақты да арнайы құралдармен жасайды, ал қыздары үшін бұл қауіпті болуы мүмкін дейді.

Муззама барлығын өзі істейді, арасында күйеуі де көмектеседі. Ал күн сайын отбасыға 30 бөлке нан керек.

Үйдегі үлкен балалардың бірі – Катя, жасы 18-де. Бұл үйге бір жыл бұрын келген. Үш жасынан бастап балалар үйінде тәрбиеленген, қазір студент. Туған анасы ата-ана құқығынан айрылған. Әртіс мамандығында білім алатын ол болашақта театр сахнасында өнер көрсетуді армандайды.

«Мұнда балалар үйіне қарағанда әлдеқайда жақсы. Барлығымыз бауырмыз. Демалысқа келдім, бауырларыма Жаңа жылға шағын сыйлық та алып келдім», – дейді ол.

Үйдің үлкендері соңынан ерген іні-қарындастарына үй тапсырмасын орындауда көмектесіп, спортта үлгі болады екен.

Қазір Музамма мен Рустам тәрбиелеген 8 студент әр қалада білім алады. Ал ата-анасы тұрғын үй және азық-түлікпен көмектеседі. Ең кішкентайы Азиза 6 жаста. Келесі жылы бірінші сыныпқа барады.