«Арманымды орындады»: Raim ел алдында Мейрамбек Беспаевқа алғыс білдірді

0

Танымал әнші Raim өзімен бірге дуэт орындаған Мейрамбек Беспаевқа алғыс білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Музарт” тобының белді мүшесі артынан ерген ізбасарына әсерлі жазба жариялады.

“Кейінгі жастардың ішінде шоқтығы биік, әуезі де әні де ерекше, талантымен талайды таңғалдырып жүрген Райымның Алматыдағы кеші өте жоғарғы деңгейде өтті. Алып мегаполистің төріндегі 15 мың адамдық Алматы аренаның атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарайсың, бауырым. Бұл – сенің күнді күнге, түнді түнге жалғап, еткен тынымсыз еңбегіңнің жемісі. Адамның аурасы жақсы болса жұмыс та нәтижелі болмақ. Біздің дует елге ұнап жатса, бұл – сенің кіршіксіз көңілің мен таза жаныңның жемісі. Осы жолдан айныма», – деп жазды Мейрамбек Беспаев.

Одан кейін Raim да өнер иесіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

“Арманымды орындағаныңызға алғыс, аға! Мен үшін сізбен бір сахнада, бірге ән салу үлкен жетістік. Рахмет!”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, «Қазақстандағы жалғыз әнші» деп Ерке Есмахан күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады.