Арман Жұмагелдиевтің достары Нойс пен Карася туралы тың деректер пайда болды
Нойс және Карася лақап аттарымен танымал Арман Жұмагелдиевтің оң қолына айналған азаматтар туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс айтып берді.
Алпыстың айтуынша, Нойс — оң қолы және Жұмагелдиевтің басты серіктесі. Қазіргі уақытта ол Қазақстаннан тыс жерде, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. Оны ұстау және Қазақстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдануда.
«Карася да Жұмагелдиевпен қылмыстық байланысы бар досы болып табылады, бұған дейін бірнеше рет сотталған, қазіргі уақытта қаңтар оқиғалары барысында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін қамауға алынған», — деді Алпыс.
Оның айтуынша, Нойс бірқатар ауыр қылмыстарға, оның ішінде 2018 жылы Алматы тұрғынын өлтіруге оқталуға қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Дәл осы факт бойынша оған халықаралық іздеу жарияланды. Қылмыстық іс бірнеше жыл бойы ашылмай қалды, қазіргі уақытта тергеу қайта басталды, тергеу амалдары жүргізілуде. Ол бойынша осы ауыр қылмысқа қатысқан алты күдікті қамауға алынды. Нойс есімді қатысушы туралы дәлелдер бар.
Карася бірқатар ауыр қылмыстар жасады, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және басқару, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, адам ұрлау, қару ұстау фактілері тіркелген.
Департаменттің мәліметі бойынша, Нойс бұрын қылмыстық кодекстің 178, 327-баптары бойынша сотталған. Карася да 179 «қарақшылық», 287 «қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 380 «қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты билік өкіліне қатысты өміріне және денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолдану» баптары бойынша сотталған.
фото: tengrinews.kz