Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды

0

«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», — деді Жарылқасын.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

— ҚК 287-бабы, 4-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;
— ҚК 272-бабы , 2-бөлігі «Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу»;
— ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы «Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу».

(фото newtimes.kz сайтынан алынды)