Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары атанды – Қазақстан жаңалықтары

0
113

Арман Жұмабеков ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«ҚР үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінеді хабарламада.

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.

stan.kz