Арман Шораев расталмаған ақпаратты жариялағанын мойындады — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал журналист және қоғам қайреткері Арман Шораев, босатылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

арман Шораев

Бірнеше күн бұрын полиция ұстаған Арман Шораевты жеке мойындауы бойынша бүгін босатты. Босатылғаннан кейін Арман Шораев әпкесі Жанна Шораеваның Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасады. 

«Арманның үндеуі. Құрметті достар, маған тағылған айыптардың мәні бойынша мен мынаны түсіндіремін. 

Төтенше жағдай мен карантин кезінде мен расталмаған ақпаратты жариялағаныма өкінемін. Мен төтенше жағдай мен карантинді бұзбауға және тексерілмеген материалдарды жарияламауға міндеттенемін. Құрметпен, Арман Шораев», — деп қысқа қайырды Шораев.

 

stan.kz