Арман Қуанышбаев дінді мазақ еткен Қанат Әлжаппаровқа жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгілі дінтанушы, теолог, ҚМДБ өкілі Арман Қуанышбаев әзілкеш Қанат Әлжаппаровқа жауап берді. Әзілкештің ораза жайлы айтқаны дінтанушының көңіліне жақпады. 

Арман Қуанышбаев дінді мазақ еткен Қанат Әлжаппаровқа жауап берді

Бұл туралы Арман Қуанышбаев Жылқышыбаймен тікелей эфир кезінде айтты. 

Қанат Әлжапаров желідегі тікелей эфир кезінде өзінің ораза ұстағанын, алайда ертесі күні аштыққа шыдай алмай түскі ас ішіп қойғанын айтты. Осыдан соң ораза ұстау керек пе, жоқ па, осы жағын түсінбей отырғанын айтты. Мұны қаншалықты рас айттып, әлде әзілдеп айтты, ол белгісіз. Алайда Арман Қуанышбаев мұндай дүниенің мазақ етпеген абзал дегенді айтты. 

«Ораза, намаз ол — құлшылық. Аллаға құлшылық. Қанат Әлжаппаровты танимын. Оның не себепті бұлай айтқанын білмеймін. Мүмкін әзілдеп айтқан шығар. Бірақ айтарым, бұлайша дінді, діндегі құлшылықтарға, оразаға мазақпен қарауға болмайды. Керісінше үлгі көрсету керек. Ораза ұстауға үндеу керек. Ораза ойнайтын нәрсе емес. Ол ертең сұралатын нәрсе», — деді дінтанушы. 

Арман Қуанышбаев сонымен қатар оразаны себеп-салдарсыз ұстамайтын, немесе қаласа ұстап қаламаса жүре беретіндерге кеңесін айтты. 

«Ораза Алланың паразы. Ақыретте ол үшін жауап береміз.  Сондықтан бұл біздің қалауымызбен жасайтын құлшылық емес. Кейбірі арықтау үшін ораза ұстайды, кейбірі арықтап кетем деп ораза ұстамайды. Бұл дұрыс емес. Оразадан адам семірмесе, арықтамайды. Оразаны арықтау үшін емес, Алла үшін ұстайсың. Бастысы ниеттің тазалығында. Егер парыз болғаны үшін, Алланың разылығы үшін ұстасаң, сөзсіз сауаптар болады. Денсаулығыңа байланысты мәселелер де қалпына келу мүмкін», — деді ол. 

Елімізде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты жамағат намаз, жұма намаздар тоқтатылды. Оған келіспеген кей адам жұманың парыз екенін, дінге қайшы келгенін айтып билік заңына бағынбай жатты. Бұған дінтанушы не деді?

«Жұма намазды Алла қауіп-қатер жоқ кезге парыз етті. Оған Пайғамбардың (с.ғ.с) айтқан уағызы, ережелері дәлел. Жұма намазы парыз болу үшін адамның бойында ауру болмау керек, өзгеге жұқтыратындай қауіп-қатер болмау керек. Ал, қазіргі жағдай нағыз намазды тоқтатуға әкеледі», — деді Қуанышбаев.


«Қанаттың әзіліне ғашық болып, үйлендім»: Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың әйелі  


 

 

stan.kz