Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың әкесі дүниеден озды
Жұлдызды жұптың әкесі 62 жасында өмірден өтті.
Бұл туралы Арман Қоңырбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Бір апта бұрын қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, әке! 25.01.1962 — 01.03.2024, — деп жазған ол.