Арман Қоңырбаев: Біз жасаған хайп президенттің кеткенінен кем түскен жоқ — Қазақстан жаңалықтары

0

Хайп жасап, елдің назарын өздеріне аударған Арман мен Аша гастрөлдік сапарға аттанбақ. Діттегеніне жеткен жұлдызды жұп Қазақстанның барлық қалаларын аралауды жоспарлап отыр. Екеуі бір айдан аса уақыт гастрөлде жүргенде, қыздары Асылым кімге қалмақ?

Арман Қоңырбаев: Біз жасаған хайп президенттің ауысқанынан кем түскен жоқ

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз жасаған хайп немесе пиар президенттің кеткенімен бірдей шулатса, демек бұл арзан дүние емес. 

Бұл әнді шығармашылық байланыста жүрген інім жазып берген. Пиар-қадам арқылы болса да, тыңдарманның жүрегіне жеткізе білдік», — дейді Арман. 

Жұлдызды жұп 20 сәуір күні Аlem Band тобымен бірге гастрөлге шықпақ. Алматы облысынан басталатын турне 35 концертке ұласады деп жоспарланып отыр. 

«Дайындап қойған қоржынымыз бар. Жаңа әндер де, ескі әндер де бар. Ашаның жеке әндері бар. Мен де жақында жаздыра бастадым», — дейді Арман. 

Аша мен Арман бір айдан аса уақыт гастрөлде болмақ. Осы уақытта олардың қызы қайда қалмақ?

«Бұл біз үшін күрделі сұрақ. Әзірге шешпедік. Өзімізбен бірге алып кетсек деп те жоспарлап жүрміз. Бірақ сапар ауыр тиюі мүмкін, арасында аналарымызға қалдыратын шығармыз. Екеуміздің анамыз әрдайым көмекке келуге дайын», — дейді Аша.

 

stan.kz