Арман Қоңырбаев Аша екеуінің қарым-қатынасы жайлы сұрақтан басын ала қашты — Қазақстан жаңалықтары

0

Instagram қолданушылары Арман мен Ашаның бір-бірін өшіріп тастағанын байқап, жұлдызды жұптың арасынан «қара мысық өткен» деп дабыл қақты. Бірнеше күннен бері барлық ақпарат құралдары бұл тақырып аясында шулап жатқанымен, Арман да, Аша да елдің көкейіндегі сұрақтың жауабын беруге асықпайды, деп жазады Stan.kz.

Арман Қоңырбаев Аша екеуінің қарым-қатынасы жайлы сұрақтан басын ала қашты

Аша Матай баз бұрынғыша күнделікті өмірінен Insta-Stories-тер жариялағанымен, оқырмандарының Арман туралы сұрақтарын жауапсыз қалдыруда. Сол сияқты Арман да «Гәкку» арнасына берген сұхбатында Аша екеуінің қарым-қатынасы жайлы сауалдан басын ала қашты. 

«Мен бұл сұраққа қатысты жауап бере алмаймын. Басқа кез келген сауалыңызға жауап беруге дайынмын, бірақ жеке өміріме қатысты ештеңе айтпаймын», — деп кесіп айтты ол. 

Сол сияқты «Өз үйім» телехикаясының бас кейіпкері ретінде Аша «Хабар» арнасының инста-парақшасынан тікелей эфирге шыққан болатын. Сериал жайлы сұрақтарға жауап бергенімен, оқырмандары Арман жайлы сұрай бастағанда Аша асығып тұрғанын, үйде қонақ күтейін деп жатқанын айтып, шығып кеткен болатын. Нұрсұлтан Құрманның «Арман қайда?» деген сауалына Аша: 

«Ол жұмыстарымен жүр», — деп қана жауап берді. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

stan.kz