Арман Әубәкір: Жақияновтың өз досының әйелі Алма Тоқтасынованы сотқа бергенін білесіз бе?
Қоғам Ғалымжан Жақияновты ашық ойлы, әділ, шыншыл, ұстанымы жолында құрбандыққа бара алатын адам деп таниды. Осындай мақтаулы мінездерімен көптің көңілінен шыққан айтулы азамат соңғы бес-алты ай көлемінде “Адырна” ұлтттық порталымен соттасып жатыр. Журналист, портал басшысы Арман Әубәкір facebook парақшасында Жақияновқа қатысты «Жақиянов өз досының әйелі Алма Тоқтасынованы да сотқа бергенін білесіз бе?» деген тақырыпшамен тағы бір жазба жарияланды.
«Жігітпен жігітше сөйлес, жүздес, тіпті кездесетін бет жоқ болса, соттасса да өз еркі. Ал енді бала-шағаны (отбасы мүшелерін) сотқа сүйреуді қалай түсінуге болады? “Арыстан қартайса, тышқан аулайдының” кері емес пе екен бұл? Шынын айту керек, атағы дүркіреген демократ Жақияновты мұндайға қимаймыз. Амал нешік?
Ғалымжан Жақиянов пен Қарлығаш Жақиянова сол Төлен Тоқтасыновтың бір ұлына кіндік әке-шеше екен. Енді келіп, “кіндік баласының” анасын ФБ-дағы жазбалары үшін сотқа беріп отыр», — деп жазды Арман Әубәкір.
фото: adyrna.kz