Арман Әшімов бразилиялық спортшыны жеңді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Аралас жекпе-жек шебері он бірінші жеңісіне жетті

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik.  Аралас жекпе-жек спортшысы Арман Әшімов (10-3-1) кәсіби карьерасындағы он бесінші жекпе-жегін өткізді.

Қазақстандық спортшы Ресейдің Орынбор қаласындағы M-1 Challenge 104 турниріне қатысты. Ол бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен (9-3) жекпе-жек өткізді. Қарсыласының мықты болғанына қарамастан, Әшімов төрешілер шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бразилиялық спортшы бірінші раундта айналып теуіп, Әшімовтің мұрнын сындырды.  Алайда бұл қазақстандықтың жеңіске жетуіне кедергі бола алмады.

Арман Әшімов ММА-дегі карьерасында он бірінші жеңісіне жетті. Мамыр айында қол жарақаты салдарынан Александр Доскальчуктен (10-1) жеңілген болатын. Ал содан кейін үш рет қатарынан қарсыласын ұтып отыр. Бұған дейін қазақстандық Кристиан Кольядо (0-1) мен Кайк Аленкардан (9-1) басым түсті.



sputniknews.kz