Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық

0

Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық

Махаббат – адамды қанаттандыратын күшті сезім. Әр адам шын махаббатты тапқысы келеді. Бір қызығы махаббат махаббатқа ғана келеді. Сіз қаншалықты махаббат бере алсаңыз соншалықты сезім аласыз. Жүрегіңіз қаншалықты мейірімді болса іздегініңізді табуға да мүмкіндік соншалықты. Шынайы махаббат туралы әркім білуге тиісті алты шындықты айтпақпыз. Назар аударыңыз


 
1.Өзіңізге деген махаббат – шын сезімді тартудың ең жақсы тәсілі
 

Өзіңізді бар жүрегіңізбен жақсы көріңіз. Өзіңізді бар болмысыңызбен жақсы көріңіз, кемшіліктеріңізді қабылдаңыз. Өзіңізге мейірімді болыңыз. Сонда бар әлем сізге көмек қолын созады. Егер сіз өзіңізге осындай сезім, осындай құрмет көрсете алмасаңыз оны айналаңыздағылардан да алмайсыз. Тіпті мұны біреу жасаса да махаббат ұзаққа бармайды. Махаббат өз-өзіне махаббат бере алғандарға ғана келеді.
 
2. Нағыз махаббат сізді біреудің шексіз сүюі емес.

Сіз өзіңіздің толыққанды тұлға екеніңізді түсінуіңіз керек. Неғұрлым өзіңізді көбірек жақсы көріп, қабылдауды үйренсеңіз соғұрлым мұның шындық екенін түсінесіз. Өзіңізді толыққанды сезіну үшін сізге ешқандай адам керек емес. Сізге тек ішкі әлеміңізді бөлісетін адам ғана керек. Нағыз махаббат екінші жартыңызды табуда емес. Тек шындық әлеміңізді кеңейтуде ғана.
 
3. Сіздің өмірлік махаббатыңыз – Өзіңіз ғана

Нағыз махаббат сіздің өзіңізден басталады. Өмірге деген махаббат – бұл сіз. Бұл сезімді сырттан іздеудің қажеті жоқ. Сіз іздеген махаббаттың бәрі ішіңізде. Осы түсініп, сезінген кезде ған ол сезімді бөлісе аласыз.

4. Шынайы махаббат үшін күреспейді

«Егер біреуді жақсы көрсең ол үшін күресу керек» деген сөзді жиі естиміз. Бірақ шындық мүлде басқа. Егер сізге біреудің махаббаты үшін «күресу» қажет болса ол оған тұрмайды деген сөз. Бұл шынайы сезім емес, бұл махаббат емес.

5. Нағыз махаббат күш салуды талап етпейді

Нағыз махаббат әрдайым жеңіл. Ол асау өзен сияқты өзі ағады және өзіне не керек екенін біледі. Бәрі өздігінен болады. Нағыз махаббат болған жерде бақылау болмайды. Егер махаббат шынайы болса сізге біреуді қасыңызда ұстаудың қажеті жоқ. Сынау, талқылау, қызғану, кінәлі сезіну немесе басқа да жағымсыз факторлардың қажеттігі болмайды. Махаббат – бұл таза әрі жеңіл сезім. «Егер сіз адамның тек жақсы қасиеттерін көруге ғана үйренсеңіз нағыз махаббат келмейді. Ол сіз барлық кемшіліктерді қабылдауды үйренгенде ғана келеді»-дейді Джейсон Джордан.
 
6. Нағыз махаббат бауыр басуды талап етпейді

Махаббатқа түсіністік қажет және ешқандай талап қойғанды құптамайды. Махаббат екі адамнан ештеңені талап етпейді. Оған басқа ешкім, ештеңе қызық емес. Бұл сезім бар жерде бауыр басу жоқ. Себебі бауыр басу болған жерде махаббат жоқ. Бұл екі сезім бір жерде тұрақтай алмайды.
 
«Парасатты адамдар бауыр басуға жол бермейді. Бір біріне бауыр басқан адамдар ауырлық сезінеді»-дейді Мохит Мисра.
 
Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz