Әріптестеріміз – Мәдениет саласының үздігі

0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Мәдениет саласының үздігі» және «Дене шынықтуру мен спортты дамуытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен» журналисттерді марапаттады.

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығарушы редакторы Гүлзина Бектасова мен жоғары санатты шолушы Халима Бұқарқызын Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапаттады.

Әріптесіміз Гүлзина Бектас «Қазақ университеті» газетінде тілші, Халықаралық «Түркістан» газетінде тілші, мәдени шолушы қызметін атқарған. «Айқын» газетінің мәдениет және әлеумет бөлімінің меңгерушісі, шығарушы редактор. Елбасының Алғысхатымен, «Астананың он жылдығы» мақтау қағазымен марапатталған. Тәуелсіз «Сеймар» сыйлығының иегері, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының арнайы сыйлығын иемденген, «Дидар» кинофестивалінің «Үздік насихатшысы» номинациясының иегері, Хадиша Бөкеева, Ыдырыс Ноғайбаев атындағы «Театр көктемі» фестивалінің дипломанты, «Алтын қалам» сыйлығының иегері. «Нұр Отан» партиясының «Нұр сұңқар» сыйлығының иегері, «Үркер» сыйлығының иегері. «Кәукен Кенжетаев», «Ақиқатын айтқанда» кітаптары жарық көрген.

Халима Бұқарқызы – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Елорда» баспасынан бастаған. «Қарағанды» телерадио кешенінде журналист, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде тілші, «Қазақстан теміржолшысы» газетінді тілші, қазақ редакциясының жетекшісі болып еңбек еткен. 2010 жылдан бері «Айқын» республикалық газетінде қызмет етеді. Аталған басылымның жоғары санатты шолушысы. Мәдениет, саясат, экономика, бизнес, руханият және әлеуметтік саланың мәселелерін талдайтын  еңбегі ескеріліп, министрліктердің алғысхаттарын ие болған.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәдениет және спорт министрлігінің  жоғары марапатына ие болған әріптестеріміз де құттықтаймыз.  «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының телебағдарлама дайындық жөніндегі шығармалар қызметінің редакторы Ғаини Абенова,
Түркістан облыстық үйлестіруші редакторы Айжігіт Асанов,  Алматы қалалық филиалының продюсері Жаңылхан Асылбекова, «Алтын қор» телерадио қоры департаментінің Астана қаласындағы телерадио бөлім бастығы Сағымбек Молдабек, Павлодар облыстық филиалының телебағдарламаларды дайындау жөніндегі шығармашылық қызметінің режисері Гүлнар Олжабаева, «Хабар» арнасының бағдарламалар өндірісі бөлімінің режиссері Бағдат Мұстафин, «Хабардың» бағдарламалар өндірісі бөлімінің продюсері Жамиля Каримбаева, «Қазспорт» телеарнасының директоры Павел Цыбулин, «Қазспорт» арнасының редакторы Телжан Күдеров, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің төрағасы Асқар Омаров, «Қазақстан» ұлттық арнасы Жаңалықтар бөлімінің аға тілшісі Досымжан Ермұратов иеленді. Әріптестеріміз құттықтаймыз!

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын