әріптесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

0

Адамның денесін жүргізушілердің бірі тапты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Серікжан Әділовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті Мой Город порталы.

58 жастағы қылмыскер «Ғимарат» ЖШС-да күзетші болып қызмет етіпті. 3 наурыз күні кешкі 20:00-де  әріптесі Марат Черниязовпен ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келіп қалып, Черниязов Әділовке соққы жасаған. Ол да жауап берді. Соққының қатты болғаны соншалық, Черниязов есінен танып қалған. Ал Әділов болса, әріптесін ұруын тоқтатпаған.

Әділов Черниязовтың бас сүйегін сындырып жіберген. Мәйітті кереуеттің астына тығып қойып, 27 күн бойы өзі де сол бөлмеде тұрған. Адамның денесін жүргізушілердің бірі тауып алыпты.

Тергеу кезінде қайтыс болған Черниязовтың Әділовті қайғылы оқиғаға дейін бірнеше мәрте соққыға жыққаны анықталды. Екеуі де отбасынан кетіп, жұмыс орнында тұрған.

Тағы оқыңыз: Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

Сот Әділовті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыскер он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 



sputniknews.kz