«Әріптес болғаныма ризамын»: Тағы бір депутат орнынан кетті
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Депутат басқа жұмысқа кетуіне байланысты орнын өз еркімен мерзімінен бұрын босатқан.
Нұрлан Қылышбаев Парламент Сенатының депутаты болып 2017 жылы Алматы облысынан сайланған. Жоғарғы палатада Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы қызметін атқарды.
«Сіздермен бірге қызмет атқарып, әріптес болғаныма ризамын. Сенатта депутат болғаным үшін бірінші кезекте Елбасы мен Президентке алғыс білдіремін. Заң жобаларын қабылдап, аймақтағы сайлаушылардың ой-пікірін тыңдап, мәселе шешкенім — үлкен мектеп», – деді Нұрлан Қылышбаев.