Әлеуметтік желіде Әлем Чемпионынатының кубогына таласқан Франция мен Аргентина арасындағы футбол ойыны тойда көрсетілген видео тарады. Бейнежазбадан үлкен кісілердің тілек айтып, ақ батасын жаудырып жатқанын, ал LED-экраннан футбол көрсетіліп жатқанын аңғаруға болады.
Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы әлем чемпионатының финалдық матчы Лусаилдегі (Катар) «Люсаил Айконик» стадионында өтті.