Ардагерлерге Жеңіс күніне 1,5 млн теңге төленеді
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазақстандағы Жеңіс күніне орай 1,5 млн теңгеден төленеді.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазіргі уақытта Қазақстанда 237 ардагер тұратынын хабарлады.
«Оларға 9 мамырда барлық салаларда тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша-1,5 млн теңгеден кем емес», — деді министр Мәжілісте.
t.me/orda_kz