Ардагерлердің студенттермен кездесуі
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында кездесулер өтті.Ол кездесулерге Ауғаныстан соғысының ардагері мен мүгедектерінің Алматы қаласындағы “Жауынгер” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Мемлекеттік “Айбын” Орден иегері Даркенбаев Байдаулет Құрманқожаұлы, “Жауынгер” қоғамының төраға орынбасары, ерлік үшін медальдың иегері Жорабаев Асқар, ауған соғысы ардагерлері Майор Құнанбаев Жұмат, Сандуов Бекен, Доланбаев Өмірсерік, Алпысбаев Мақсат және Даркенбаев Байдаулет Құрманқожаұлы қатысқан болатын.Әр кездесуге кемінде 50 шақты студенттер қатысты. Кездесулер 10 колледжде өтті. Олар: Narxoz университетінің эконмикалық колледжінде, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде, Алматы қаржы-экономикалық колледжінде, Алматы полиграфия колледжінде, Еуразия технологиялық колледжінде, Алматы менеджемент колледжінде, Қазақ автомобиль-жол институтында, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде, Инновациялық технологиялық колледжінде, Қазақстан жазушылар кітапханасында өткен болатын.
“Азаматтық борыш” жобасы бойынша өткізілген кездесулер өз мәресіне жетті. Кездесуде студенттер ардагерлерге сұрақ қою арқылы өздеріне керекті жауаптарын алды. Мысалы: соғыстан кейінгі хәл ахуалы, психологиялық жағдайы, ендігі келешек өміріне қойған мақсаттары талқыға түсті. Өз кезегінде, ардагерлер аталмыш сауалдарға мардымды жауап беріп қазіргі тағдырлары туралы сыр шертті. Бейбіт таңның, тыныш күннің — тәңірден сый екендерін айтты. Қазіргі жас ұрпақ соны ұғынса, түсінсе — деді. Ұйымдастырылу жоғарғы денгейде өтті.Қос тараптың да көңілі толды. Түрлі инсайдтар мен мағлұматтар айтылды. Әр кездесу студенттерге ерекше әсер қалдырды, студенттер сұрақтар қойып, белсене атсалысты.Соғыс ардагерлері өздерінің қызықты әңгімелер бөлісіп, жастардың болашағына керек ақылдарымен пікір алмасты.Соғыс ардагерлері жастардың қызығушылына ерекше тәнті болды.