Ардагер журналист Баян Мақсатқызы туралы: Қатын сөзі бабаларымыздың мұрасы, бүгіннен бастап әйелімді қатын деймін

0
Танымал тележүргізуші, белгілі журналист Бейсен Құранбек пен қазақ журналистикасының ардагері Қалыбек Атжан.

Мен Баян Мақсатқызы Алагузова (қазақшасы Алагөзова болар) ханымды өнер өлкесіндегі іскерлігі, талай таланттардың бағын ашқан продюсерлік таланты үшін қатты сыйлайтынмын.

Бүгін оның төмендегідей «Меня ужасно раздражают два слова — БАБА и ҚАТЫН. Я никогда не использую их ни в свой адрес, ни в чей-либо еще, потому что считаю их оскорбительными» деген пікірін оқып еріксіз ойға қалдым.

Баба дегеніне әрине біздің қатысымыз жоқ.

Ал ҚАТЫН сөзі біздің бабаларымыздың мұрасы.

Оны жоққа шығаруға, ревизиялауға ешкімнің де құқы жоқ! Алдымен ҚАТЫН сөзінің мейрімді мағынасын түсініп алған жөн. Күллі түркі тілдес халықтар сүйікті жарын қатын дейді. Тек сонау жылдардағы шолақ белсенділердің «қатын деген тек байлар айтатын қатқыл сөз» деген сауатсыз пәлсапасынан кейін қазақ пен қырғыз ғана «әйел, айал» деп шатасып кетті.

Ерегіскендіктен емес, ата-баба дәстүріне сай мен бүгіннен бастап келіншегімді өз атымен ҚАТЫН дейтін боламын. Ал сіздер ше?

Қалыбек Атжан, тележурналист, ҚР мәдениет қайраткері

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз